«SHANYRAQ»: Шымкентте неке тұрақтылығы жөнінде тренинг ұйымдастырылды

0
345

Қатысушылар білікті маманнан ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы жан-жақты кеңес алып, өзара пікірлесті.


«SHANYRAQ»: Шымкентте неке тұрақтылығы жөнінде тренинг ұйымдастырылды

Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығында неке тұрақтылығы туралы тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орталық көмегіне жүгінуші отбасылар Заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Нұрбала Оразкулованың психологиялық, құқықтық және медиациалық сабағын тыңдады.
Елімізде неке және отбасы тұрақтылығы өзекті мәселеге айналған. Неке – отбасын құрудың негізі. Тренингте отбасылық медиацияның мақсаты туралы, отбасы дауларын реттеуде медиативтік құралдардың (белсенді тыңдау, рефреминг, эмпатия т.б) қолдануы практика жүзінде көрсетілді.
Қатысушылар білікті маманнан ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы жан-жақты кеңес алып, өзара пікірлесті.