9-10 мамыр күндері сағат 19:00 мен 20:30 аралығында Шымкент қаласының саябақтары мен гүлзарлары ән мен жырға, думан мен шаттыққа толады.
Шымкентте қала өмірін ерекше сәттермен жандандыратын дәстүрлі «Шымқала кештері» концерттер шеруі шымылдығын түрді.
9-10 мамыр күндері сағат 19:00 мен 20:30 аралығында Шымкент қаласының саябақтары мен гүлзарлары ән мен жырға, думан мен шаттыққа толады. Бұл кештерде «Шымкент концерт» концерттік ұжымы, Шымкент қалалық циркі, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, сондай-ақ, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымдары өнер көрсетеді.
БАҒДАРЛАМА
9 мамыр – А.Асқаров атындағы дендросаябағында «Шымкент концерт» концерттік ұйымы (филармония) өнер көрсетеді
Абай саябағында Шымкент қалалық циркі қызықты бағдарламасын ұсынады.
10 мамыр – Шымсити саябағында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының сахналық қойылымы көрсетіледі
Көл демалыс аймағында Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры көңілді бағдарламасын көрермен назарына ұсынады.


