«ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады

0
98

«Шымқала кештері» — қала тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, өнер ұжымдарының шығармашылығын көпшілікке жақындататын мәдени жоба.


«ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады

Шымкентте жазғы демалысты мазмұнды әрі көңілді өткізуге бағытталған «Шымқала кештері» концерттік бағдарламасы жалғасуда.

15–16 тамыз күндері қаланың көрікті саябақтары мен демалыс орындарында мәдени шаралар ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына театр ұжымдарының өнері ұсынылды.

Аптаның алғашқы күнінде, яғни сенбіде, концерттік бағдарламалар Этноауыл алаңы мен «Наурыз» саябағында өтті. Көрермендер алдында Шымкент қалалық қуыршақ театры мен Өзбек драма театры өнер көрсетіп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Ал жексенбі күні мәдени шаралар А.Асқаров атындағы Дендросаябақ пен «Көл» демалыс аймағында жалғасты. Дендросаябақта Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры өнер көрсетіп, театрсүйер қауымға мазмұнды кеш ұсынды. Ал «Көл» демалыс аймағында Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Шымқала кештері» — қала тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, өнер ұжымдарының шығармашылығын көпшілікке жақындататын мәдени жоба.
Бөлісу