ШЫМКЕНТ: ​109 орталығына 27 мыңнан астам арыз-шағым түсті

0
841

Аталған шағымдардың ішінде 93,5%-ы орындалды.


ШЫМКЕНТ: ​109 орталығына 27 мыңнан астам арыз-шағым түсті

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Наурыз айында Шымкент қаласындағы 109 орталығына 27 347 арыз-шағым түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған шағымдардың ішінде 93,5%-ы орындалды. Қалған талап-тілектер жауапты мекемелердің қарауында. Бұдан бөлек 19473 мәселе 1 қоңырау шалудан шешілді.
Арыздар көбінесе 109 нөмірі арқылы қабылдануда. Байланыс тетігі арқылы өткен айда 23 178 шағым тіркелді. Қалған арыз-шағымдардар әлеуметтік желілер арқылы жолданған

Айта кетейік, Мемлекет басшысының халықпен кері байланыс орнатуды күшейту туралы тапсырмасына сәйкес қала әкімінің бастамасымен 2020 жылы Шымкентте «Айкөмек-109» орталығы ашылған болатын. Аталған жоба қала тұрғындарын жергілікті билік өкілдерімен байланыс орнатуда тиімді жұмыс нәтижесін көрсетіп отыр.

@ikomek109.shymkent - қала тұрғындарының қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланған және тағы басқа жерлерде заттарды тауып алған немесе жоғалтып алған адамдарды делдалсыз байланыстыратын орталық. Себебі соңғы уақытта мұнда тұрғындар тарапынан жоғалған затын іздеп хабарласушылар көбейген. 2021 жылы орталық қызметкерлері жауапты мекемелермен бірлесе отырып мегаполис тұрғындарының 592 жоғалған затын тауып берген. Табылған Төлем карталарды, құжаттарды орталықтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы @ikomek109.shymkent-те Stories ретінде салынады. Азаматтар жоғалтқан құжаттарын сол жерден көре алады.

Құрметті қала тұрғындары! Егер Сіздің де жоғалтқан немесе тауып алған заттарыңыз болса, төмендегі тәсілдермен iKomek 109 Shymkent орталығымен байланыссаңыз болады: 1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы; 2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу арқылы; 3. Instagram @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу арқылы; 4. Facebook: IKomek Shymkent 5. @shymkentonlinekz_bot TELEGRAM-bot арқылы өтініш қалдыру.