Шымкент: 18 елді мекенде электр қуаты сөнді

0
2 649

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қаладағы біршама шағынауданда электр жарығы істен шықты


Шымкент: 18 елді мекенде электр қуаты сөнді

Шымкент қаласында қатты дауылды қардың әсерінен 18 елді мекенде электр қуаты сөнді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалада жауған қардың салдарынан магистралдық желілердің айқасуы, ағаштардың желі үстіне құлауы, трансформатордың ішіне су өтуі, желі үзілуі секілді жағдайлар орын алған.

Коммуналдық мекеме қызметкерлері желілерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда Нұрсәт, кіші Самал, Тельман, Азат, Ворошиловка аумақтарында жарық желісі қайта іске қосылды.
Ал Азат, Самал-1, Самал-2, Солтүстік Батыс, Көкбұлақ, Асар, Самал-3, Игілік, Қайтпас-1, Ақжайық, Достық, Жаңаталап, Ынтымақ, Забадам, Құрсай, Қазығұрт шағын аудандарында электр желісін іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Электр желілеріне қатысты «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-ның диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады:
Шымкент қалалық ЭС 35-39-85
Абай ауданы 35-74-48
Әл-Фараби ауданы 53-53-65
Еңбекші ауданы 57-56-38
Шалғай аудандар 28-52-66