ШЫМКЕНТ: №2 Оқушылар сарайы 5 мың баланы 65 түрлі үйірмемен қамтып отыр

0
184

Балаларды қабылдау «Mindal24.kz» электронды порталы арқылы жүзеге асырылуда.


ШЫМКЕНТ: №2 Оқушылар сарайы 5 мың баланы 65 түрлі үйірмемен қамтып отыр

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков № 2 Оқушылар сарайына барып, аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қосымша білім беруді дамытуға арналған Оқушылар сарайы биыл шілде айында пайдалануға берілді. Балаларды қабылдау «Mindal24.kz» электронды порталы арқылы жүзеге асырылуда.
Қазір мұнда 5 мыңға жуық бала тәлім алады. Олар 6 бағыт бойынша 65 үйірмемен қамтылған. 232 оқу кабинеті қарастырылған. Атап айтқанда, биотехнология, бағдарламалау, 3D модельдеу, практикалық физика, химия мен робототехника, гидропоника, КИП және автоматика, ағаш өңдеу, қыш өнері, фото-видео монтаждау, драма, сенсорлық, лингвистика кабинеттері мен медиа-зал жұмыс істеп тұр.
Барлық үйірме заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған. Қосымша футбол, баскетбол, волейбол алаңдары да бар. Негізгі басымдық ғылыми технологияны дамытуға беріліп отыр.
Қала әкімі үйірмелерді аралау барысында Оқушылар сарайының жауапты басшылық құрамына мемлекет берген мүлік пен ішіндегі құрал-жабдықтарды тоздырмай, күтіп ұстау қажеттігін баса айтты.