Шымкент: 20-ға жуық тұрғынның мәселесі тыңдалды

0
1 974

Жалпы талап-тілектің басым бөлігі әлеуметтік көмек, тұрғын үй және жұмысқа орналасуға байланысты болды.


Шымкент: 20-ға жуық тұрғынның мәселесі тыңдалды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков 20-ға жуық тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауға қатысқан жандардың бірі – жалғызбасты ана Нұргүл Базарбаева. Екі баласымен 8 жылдан бері пәтер жалдап тұрады. Арманы – баспаналы болу. Оған қала әкімінің орынбасары пәтердің белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетіндігін түсіндіріп айтты.
Жалпы талап-тілектің басым бөлігі әлеуметтік көмек, тұрғын үй және жұмысқа орналасуға байланысты болды.
Айтып өтейік, Ерғали Білісбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен алдын-ала жазылу бойынша аптаның әр бейсенбі және жұма күндері қабылдайды. Карантин талаптарына сәйкес қабылдау онлайн түрде жүргізіледі.