ШЫМКЕНТ: 48 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобалар қорғалады

0
1 088

Жобаның мақсаты – қолайлы инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.


ШЫМКЕНТ: 48 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобалар қорғалады

Өңірде, «Protecting Business and Investments» жобасы аясында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге тағы 1 кәсіпорын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен екі жақты келісімге қол қойды деп хабарлайды - ERNUR.KZ.

Жобаның мақсаты – қолайлы инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады. Атап айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Амир-А» ЖШС-і 18 млрд. теңгені құрайтын Инвестициялық жоба. Осымен Департамент жалпы 11 келісімге қол қойып, сүйемелдеу жобалар сомасы 48 млрд. 468 млн. теңгені құраған.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керектігін атап өтті. Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 % қорғауға кепілдік берілмек.
Осыған байланысты, кәсіпкерлерді әкімшілік кедергілерден дер кезінде алдын алу үшін, өңірдегі барлық мемлекеттік органдардың Департаментпен тікелей әрекеттесетін жауапты мамандары бекітілген арнайы анықтама кітапшасы дайындалған. Сондай ақ, «Protecting Business and Investments» жобасымен келісімге тұруға ниет білдірген инвесторлар үшін Департамент тарапынан «WhatsApp» (+7702 201 51 51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайды.