ШЫМКЕНТ: 550 орындық жекеменшік мектеп пайдалануға берілді

0
2 671

Білім ұясында 105 мұғалім жұмыс істейді.


ШЫМКЕНТ: 550 орындық жекеменшік мектеп пайдалануға берілді

Бүгін Шымкентте Құрсай шағынауданында Әл-Фараби атындағы жекеменшік жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Наурыз мерекесі қарсаңында беріліп отырған оқу ордасының ашылу салтанатына қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысты.
- Қала мектептерінің қатарына жекеменшік Әл-Фараби мектебі қосылып отыр. Бұл - Елбасымыздың білім саласын дамыту бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. Үш ауысымды білім ордаларын жою мақсатында ашылған мектептің жұмысына сәттілік тілеймін. Елін, жерін сүйетін білімді, ұлтжанды тұлғалар тәрбиеленеді деп сенемін, - деді Жанат Тәжиева.
Айта кетейік, 550 орындық жаңа ашылған білім ордасында балалардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқушылардың түрлі үйірмелер мен спорттық шараларға қатысуға мүмкіндігі бар. Білім ұясында 105 мұғалім жұмыс істеп, 1261 оқушы білім алады.