Шымкент: 800-ден астам аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді

1
1 345

Бұл бастама "Кедергісіз келешек, "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалары аясында қолға алынған.


Шымкент: 800-ден астам аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы 800 астам аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасы, "Nur Оtan" партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы шеңберінде Шымкентте коронавируске қарсы күрес және тұрғындарға көмектесу жұмыстары күшейтілген.

"Nur Оtan" партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер жұмылдырылып, жәрдемге аса мұқтаж отбасыларға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсыруда.
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының тізімі жұмыспен қамту басқармасы тарапынан жасақталып, сол тізімге сәйкес бүгінгі таңда қала бойынша 800 астам аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді
Бұл бастама "Кедергісіз келешек, "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалары аясында қолға алынған.
Естеріңізге сала кетейік, көмекке мұқтаж жандар төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласа алады:
+7 778 471 10 45 – Абай ауданы
+7 778 471 10 29 – Еңбекші ауданы
+7 778 471 10 57 – Аль-Фараби ауданы
+7 778 471 10 49 – Қаратау ауданы
Қоңырау қабылдау уақыты: 09:00 – 23:00