Шымкент: «Абай қазақ құқығының білгірі» атты іс-шара өтті

0
918

Шымкент қалалық сотта Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.


Шымкент: «Абай қазақ құқығының білгірі» атты іс-шара өтті

Шымкент қалалық сотта Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай қазақ құқығының білгірі» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада студенттер, ЖОО-ның оқытушылары ұлы ақынның қара сөздерінен үзінді оқып, ойшылдың көркемсөз шеберлігін паш етті. Сондай-ақ кемеңгердің ағартушы, классик қана емес, қара қылды қақ жарған әділдігі де жаңа қырынан танылды.

Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков Абай мұрасының өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Басқосуда абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпханұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Баршагүл Исабек Ұлы Абайдың өлеңдерінің рухани құндылығын таныта түсті. Философиялық әңгімелері мен қара сөздерінің маңыздылығына баяндама жасады.