​Шымкент әкімдігі сотта жеңіске жетті: Стратегиялық су нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

0
73

Шымкент қаласының әкімдігі сумен жабдықтау және су бұру нысандарын мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі сот ісінде жеңіске жетті.


​Шымкент әкімдігі сотта жеңіске жетті: Стратегиялық су нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

ERNUR.KZ. Қалалық сот стратегиялық маңызы бар нысандарды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешімді әкімдік пайдасына шығарды. Апелляциялық саты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырып, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Жалпы Шымкентте коммуналдық инфрақұрылымның стратегиялық нысандарын басқару мәселелерін қолданыстағы заң талаптарына сәйкестендіру бағытында кезең-кезеңімен жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл шаралар ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен экономиканы монополиядан арылту жөніндегі комиссия шешімдерін орындау аясында қолға алынған. Негізгі мақсат — тіршілікті қамтамасыз ету саласында ашықтықты қамтамасыз етіп, заң талаптарының сақталуын күшейту және тұрғындар мүддесін қорғау.
Мәселенің негізі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қарамағындағы сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жекеменшік басқаруға беру кезінде құқықтық негіздердің заңдылығын талдаудан басталды. Жүргізілген тексеру барысында нысандарды жекешелендіру кезінде айтарлықтай заңбұзушылықтар анықталды.
Осыған байланысты қала әкімдігі заңда белгіленген тәртіппен стратегиялық маңызы бар коммуналдық инфрақұрылым нысандарын мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа жүгінді. 2025 жылы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жекешелендіруді жарамсыз деп танып, нысандарды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.
Бұл шешіммен келіспеген «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС апелляциялық шағым түсірді. Алайда апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, сот әкімдік талаптарының заңдылығы расталып, нысандар мемлекет меншігіне қайтарылды.