​«SHYMKENT» ӘКК» АО 5000 кәсіпкерге қызмет көрсеткен​

0
766

2020 жылдың басынан бері «Оңтүстік» АЭА-ға жалпы құны 39,172 млрд теңгені құрайтын 2 257 жұмыс орнының құрылумен 9 жоба тартылған.


​«SHYMKENT» ӘКК» АО 5000 кәсіпкерге қызмет көрсеткен​

«Shymkent» ӘКК» акционерлік қоғамы 5000 кәсіпкерге қызмет көрсеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Бауыржан Канкин мәлімдеді.

– Инвесторларға жер телімін ұсынуды жеңілдету мақсатында «Shymkent» ӘКК тарапынан жаңа механизм әзірленді. Аталған механизм негізінде 223,9 млрд теңгелік 30 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша келісімге қол жеткіздік. Бұл жобалар білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы (девелопмент) және қызмет көрсету салаларында. Осы орайда айта кетейін, фронт офис ашылғалы үш айдың ішінде 5000 кәсіпкерге қызмет көрсеттік, – деді Б.Канкин.
Спикердің сөзіне сүйенсек, 2020 жылдың басынан бері «Оңтүстік» АЭА-ға жалпы құны 39,172 млрд теңгені құрайтын 2 257 жұмыс орнының құрылумен 9 жоба тартылған. Ал «Оңтүстік», «Тассай» индустриалды аймақтарына, «Shymkent» агроөнеркәсіптік аймағына және көліктік-логистикалық орталықтың аумағына жалпы құны 37,5 млрд теңгені құрайтын бірқатар инвестициялық жобалар тартылған.
«Осы орайда «Оңтүстік» және «Тассай», сондай-ақ қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында «Жұлдыз» индустриялды аймағын құру жоспарлануда. Бұл мақсатта көлемі 306 га құрайтын жер телімі анықталды. Қазіргі уақытта қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде», – деді Бауыржан Тоқболатұлы.
Басқарма төрағасының айтуынша, «Шымкент» ӘКК «1000 сауда орны» жобасын іске асыруда. Ол кәсіпкерлерге сауда жүргізу және қызмет көрсету үшін қолайлы шарттар мен жер учаскелерін беруді қарастырады. Ал құрылыс саласына тоқталсақ, 7-20-25 бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 63 258,32 ш.м құрайтын 24 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Сонымен қатар бүгінде ЖАО бағдарламасы бойынша 26 үйдің құрылысы жалғасуда. Оның ішінде 21 үйді осы жылдың соңына дейін, қалған 5 үйді 2021 жылы тапсыру жоспарланған.