ШЫМКЕНТ: Ақтас-1 қоқыс полигонын көгалдандыру жұмыстары басталды

0
966

Полигон аумағына 500 ге жуық ағаш көшеті отырғызылды.


ШЫМКЕНТ: Ақтас-1 қоқыс полигонын көгалдандыру жұмыстары басталды

Шымкент қаласындағы Ақтас-1 қоқыс полигонын көгалдандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полигон аумағына 500 ге жуық ағаш көшеті отырғызылды. Атап айтар болсақ, үйеңкі, айлант, ясень секілді ағаш көшеттері егілді. Бұл мақсатқа 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған.
Айта кетейік, қазір қоқыс полигоны 300 мың тонна қалдық топырақпен көмілді. Екінші қабатты жабуға 100-ге жуық адам, 20 техника жұмылдырылып отыр. Бұл жұмыстар 20 сәуірде толық аяқталады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 21 қазандағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі отырысындағы орман қорында 2 миллиард және елді мекендерде 15 миллион ағаш көшеттерін отырғызу жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында 2022 жылғы 12- қараша күні Шымкент қаласындағы «Шымсая» шатқалында «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігі мүшелері, этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының өкілдері мен волонтерлардың қатысуымен «Ағаш отырғызу – сауапты іс» тал егу акциясы өткен болатын. Аталған акция барысында шатқал маңында 6000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, аталған ағаш егу акцияларына Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамына енгізілген этнос жастары да белсенділік танытуда. Шымкентте 2022 жылдың 5 қарашасынан бастап жаппай ағаш егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, нәтижесінде қала аумағына жалпы 160 696 ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Оның ішінде: Дендросаябақ аумағына 5000 көшет, аудан әкімдіктерімен көше бойларына 35 696 көшет, «Жасыл белдеу» КММ жерлеріне 120 000 көшет.
Жалпы үшінші мегаполисте көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.