Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде бұқаралық спортпен қамту бағытындағы жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шаһарда 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, спорт саласындағы нысаналы индикаторлар 4 бағыт бойынша жүргізіледі. 2021 жылы 101 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.
Әл-Фараби ауданында 2021 жылы 10 спорт алаңшасы орнатылды. «Спорт» шағынауданы (№5, 6-7, 14 үйлер), А.Байтұрсынов (№85 Б, 86, 89, 90 а), Адырбеков көшесі (№4) және «Отырар» шағынауданында (№52) тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 4 спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. «Спорт» шағынауданы (№11 үй), А.Байтұрсынов (№94), Верещагин көшесі (№73а) және «Отырар» шағынауданында (№58/1) тиісті жұмыстар атқарылады.
2 спорт алаңшасы («Спорт» шағынауданы, №23, А.Байтұрсынов көшесі, №75 а) ағымдағы жөндеуден өтеді.
2023 жылы 3 спорт алаңшасын («Отырар» шағынауданындағы №15, 41, 55 үйлер) орнату жоспарда.