Тазалық жұмыстарына 105 жұмысшы жұмылдырылды.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті сенбілік жұмыстары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында, 23 арнайы техникамен қатар, 105 жұмысшы жұмылдырылды.
Сонымен қатар, санитарлық тазалық жұмысында 90-ға жуық қоқыс алаңшалары тазаланып, бүлінген контейнерлер қалпына келтірілді. Сондай-ақ, үйілген құрылыс қалдықтары мен ағаш бұтақтарын да техника көмегімен шығару жұмыстарымен қатар, үй маңдарындағы шашылған қоқыстарды да жинау жұмыстары жүргізілді.