ШЫМКЕНТ: Алдағы екі жылда Қатынкөпір шағынауданындағы көшелерге 100% асфальт төселеді

0
670

Қатынкөпір шағын ауданындағы 107 көшенің қазір 70-і асфальтталған.


ШЫМКЕНТ: Алдағы екі жылда Қатынкөпір шағынауданындағы көшелерге 100% асфальт төселеді

2024-2025 жылдары Қатынкөпір шағын ауданында 37 көшеге асфальт төселеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қатынкөпір шағын ауданындағы 107 көшенің қазір 70-і асфальтталған болса, 37 көшеге шағал тас төселген. Шағын аудан көшелерін 2025 жылға дейін толық асфальттау жоспарлануда. Мәселен, былтыр Күмісқазық көшесі жөндеуден өтіп, Спатаев, Ирисмет Ата, А.Яссауи көшелері жарықтандырылды.

Келесі 2024 жылы 19 көшеге асфальт жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Ал 2025 жылы 18 көшеге асфальт төселсе, Қатынкөпір шағын ауданының көшелерді асфальтпен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Сонымен Қатынкөпір шағын ауданында жөндеуден өтетін көшелер тізімі төмендегідей:
2024 жыл:
1. Құралбаев көшесі;
2. Құрабаев көшесінің 1-ші тұйығы;
3.:Құралбаев көшесінің 2-ші тұйығы;
4. Құралбаев көшесінің 3-ші тұйығы;
5. Ақбақай көшесінің өткелі;
6. Әзірбаев көшесінің өткелі;
7. Жас гвардия көшесінің тұйығы;
8. Арал көшесінің өткелі;
9. Ирисмат ата көшесі;
10. У.Юсупов көшесі;
11. Қазақбаев көшесі;
12. Хан тәңірі көшесінің тұйығы;
13. Теміртау көшесі;
14. Низами көшесінің тұйығы;
15. Жангелдин көшесі;
16. Тоқтаров көшесі;
17. Дулатов өткелі көшесі;
18. Қасқабаев көшесі (0,7 шақырым);
19. Үржар көшесі.
2025 жыл:
1. Сәтбаев көшесі;
2. Юсупов көшесі;
3. Қасқабаев көшесі (1,6 шақырым);
4. Сейфуллин көшесі;
5. Қабылбеков көшесі (0,7 шақырым);
6. Сейфуллин көшесінің өткелі;
7. Бабыр көшесінің өткелі;
8. Балуан Шолақ көшесінің тұйығы;
9. Қабылбеков көшесі (0,25 шақырым);
10. Спатаев көшесі;
11. Ақбақай көшесі;
12. Әзірбаев көшесі;
13. Сыпырған ата көшесі;
14. Яссауи көшесі;
15. Дәстүр көшесінің өткелі;
16. Теміртау №1 көшесі;
17. Теміртау №2 көшесі;
18. Айтымбетұлы көшесі.

Айта кетейік, Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Қатынкөпір шағын ауданында бүгінде 37 мыңнан аса халық тұрады. Шағын ауданның аумағында 5 302 жеке секторлы үй, 4 мектеп, 4 балабақша, 1 спорт алаңшасы орналасқан. Сондай-ақ, 1 интернет базалық станциясы орнатылған. Аталған аймақ 100% ауыз су, электр желісі және табиғи газбен қамтылған.