Иісшіл иттің көмегімен ұрланған заттар табылды.
Шымкентте Кинология қызмет орталығының «Альфа» есімді қызметтік иті қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылдың 2 наурызында Қаратау аудандық полиция басқармасына қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілі арызданған. Ол өз арызында Шымкент қаласы Тұран мөлтекауданында орналасқан 9 қабатты яғни құрылысы аяқталмаған үйден 63 метр мыс кабельдері ұрланғанын мәлімдеген.
Шымкент қалалық Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азамат анықталып, ұсталды. Күдікті азаматты табуға Кинология қызмет орталығының «Альфа» есімді қызметтік иті көмектесті.
Қазіргі таңда тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде.