ШЫМКЕНТ: ​«АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ИЕЛЕРІ БІР РЕТТІК ТӨЛЕМ АЛАДЫ

0
83

Бір реттік төлем мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш – 21 625 теңге


ШЫМКЕНТ: ​«АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ИЕЛЕРІ БІР РЕТТІК ТӨЛЕМ АЛАДЫ

Көрнекілік сурет ЖИ арқылы жасалған

Шымкент қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иелеріне бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. Бұл қолдау қала әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып отыр.

Мерекелік қолдау мегаполисте 2026 жылдың 8 наурызына дейін тұрақты тіркеуде тұрған «Алтын» және «Күміс» алқалардың, «Батыр ана» атағы мен I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлеріне көрсетіледі. Жалпы қала бойынша 14 267 ананы қаржылай қолдау жоспарланған.

Бір реттік төлем мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш – 21 625 теңгені құрайды. Қаржы жергілікті бюджет есебінен бөлінген.

Алқа иелерінің тізімі «Азаматтарға арналған үкіметтің» деректерінен алынды.
Бөлісу