ШЫМКЕНТ: аппарат мәжілісінде қала әкімі нақты тапсырмалар берді

0
363

Ғабит Сыздықбеков қала аумағындағы саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырма берді.


ШЫМКЕНТ: аппарат мәжілісінде қала әкімі нақты тапсырмалар берді

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарын қосу жайы талқыланды.

Аталған аудан халқымен кездесу барысында 124 мәселе көтерілген, қазіргі таңда оның 64-і орындалып, 48-і жұмыс барысында, ал 12 мәселе 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә.Оңғар қала аумағындағы су бұрқақтарын қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды толығымен баяндап, бүгінде жасалатын нақты шаруалар жайын мәлімдеді. Айтуынша, қазір басқарма теңгерімінде 25 нысанда 37 су бұрқағы бар. Бүгінде демеушілер есебінен субұрқақтар қосылуда. Қала басшысы жауаптыларға бүлінген су бұрқақтарын қалпына келтіріп, 1 маусымға дейін жаппай іске қосып, жылы маусымда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қала аумағындағы саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырма берді.
Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Абдраманов «Соңғы қоңырау» бойынша қауіпсіздікті қамтуда қолға алынатын іс шараларды баяндады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл жағдай бойынша Білім басқармасының басшысына тәртіп сақшыларымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Бұл күндері жалпы білім беру ұйымдарында, ойын-сауық орындарында, жастар көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп күшейтілуі тиіс екендігін айтып, қала аумағында қоғамның тыныштығын сақтауды ескертті.