ШЫМКЕНТ: Әр ауданда алдағы төрт күн бойы «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтеді

0
1 564

Жәрмеңке барысында азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылады.


ШЫМКЕНТ: Әр ауданда алдағы төрт күн бойы «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтеді

Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы қаладағы 4 аудан әкімдігімен бірлесе отырып, «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарландыру жасады.

Аталған ақпаратқа сүйенсек, жәрмеңке барысында қала аумағында орналасқан кәсіпорындармен, мекемелердегі бос жұмыс орындары, солтүстік өңірлердегі жұмыс берушілерден ұсынылған бос жұмыс орындары ұсынылып, қоныс аударуға ниет білдірген азаматтардан өтініштер және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында құжаттар қабылданады.


Жәрмеңкенің өтетін орындары мен уақыты:

1) Қаратау ауданы бойынша: 2019 жылдың 14 қазанында Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан № 83 жалпы орта мектебінде сағат 10:00-ден бастап. Байланыс телефоны: 8 (702) 793 99 71;


2) Абай ауданы бойынша: 2019 жылдың 15 қазанында Қазығұрт шағын ауданында орналасқан № 66 жалпы орта мектебінде сағат 10:00-ден бастап. Байланыс телефоны: 8 (777) 590 07 89;


3) Әл-Фараби ауданы бойынша: 2019 жылдың 16 қазанында Сәуле шағын ауданында орналасқан № 129 жалпы орта мектебінде сағат 10:00-ден бастап. Байланыс телефоны: 8 (707) 147 20 87;


4) Еңбекші ауданы бойынша: 2019 жылдың 17 қазанында Қапал батыр көшесі, № 84 А үйінде орналасқан халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің ғимаратында сағат 10:00-ден бастап. Байланыс телефоны: 8 (747) 972 68 99.