ШЫМКЕНТ: Әрбір азаматқа алғашқы медициналық көмектің барлығы тегін көрсетіледі

0
1 106

Науқастың дертін анықтау мен толықтай емдеуге қажетті шығынды жабу ендігі жерде МӘМС жүйесі арқылы іске асырылады.


ШЫМКЕНТ: Әрбір азаматқа алғашқы медициналық көмектің барлығы тегін көрсетіледі

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалында Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағыты және «қолжетімді медицина" тақырыбы төңірегінде семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиында Шымкенттегі жетінші қалалық емхананың бас дәрігері Оспанова Айман Қожанқызы денсаулық сақтау саласындағы сақтандыру жөнінде толық ақпарат берді. Оның айтуынша, бұрынғыдай алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем шақыру, санитарлық авиация көмегі, басқа да науқастың өмірін құтқаруға қажетті дәрігерлік көмектің барлығы тегін көрсетіледі.

«Осыны әрбір азамат ескеру қажет. Мемлекет халық денсаулығына қажеттіліктің барлығын басты назарға алған. Сондай-ақ, науқастың дертін анықтау мен толықтай емдеуге қажетті шығынды жабу ендігі жерде МӘМС жүйесі арқылы іске асырылады. Бұған маман дәрігердің кеңесінен бастап, дертті анықтау мен емдеуге қажетті шараның барлығы кіреді. Стационарлық ем алу түрі мен дәрі-дәрмек тізбесі ұлғаяды. Қажетті диагностикалық құрылғылар мен қондырғалар қызметі де қол жетімді болмақ», - дейді Айман Қожанқызы өз сөзінде.

Демек, қазіргі күні тұрғындар қосымша қаржы шығындап отырған медициналық қызметтердің барлығы міндетті сақтандыру жарнасы есебінен төленетін болады.