ШЫМКЕНТ: Асарлықтар сапалы электр қуатымен қамтылады

0
514

Асар-2 елді мекенінің тұрғындары электр қуатының 1 КвТ үшін 27-30 теңге төлеп келген болса, ендігіде тариф құны 16 теңгеге төмендейтін болады.


ШЫМКЕНТ: Асарлықтар сапалы электр қуатымен қамтылады

Шымкент қаласы аумағына қарасты бірқатар елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында абоненттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда, «ОңтүстікЖарықТранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Асар-2 елді мекеніндегі жекеменшік желілерді ажыратып, мемлекеттік электр желілеріне қосу жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінде 60 отбасы жекеменшік трансформаторлардың әлсіз қуатымен берілетін жарықтың орнына сапалы электр қуатын тұтынып отыр. Қалған үйлерді тұрғындардың өз құжаттарын тапсыруына байланысты рет-ретімен жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, Асар-2 елді мекенінің тұрғындары электр қуатының 1 КвТ үшін 27-30 теңге төлеп келген болса, ендігіде тариф құны 16 теңгеге төмендейтін болады.