ШЫМКЕНТ: «Ашық есік күнінде» 20-дан астам тұрғынға құқықтық кеңес берілді

0
203

«Ашық есік күнінде» 20-дан астам қала тұрғыны отбасылық және әлеуметтік мәселелер бойынша құқықтық кеңес алды.


ШЫМКЕНТ: «Ашық есік күнінде» 20-дан астам тұрғынға құқықтық кеңес берілді

Шымкент қаласында медиация апталығы аясында қаладағы «Достық үйі» ғимаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Лаура Ақшегірова, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ жаттықтырушы-медиаторы Н.Оразкұлова, медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор С.Абдукаримова қоғамдық қабылдау өткізді.
Республикалық акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық мәселелер, азаматтар арасында туындайтын даулар бойынша тегін консультациялық кеңестер беруді мақсат еткен.
Апталық аясындағы «Ашық есік күнінде» 20-дан астам қала тұрғыны отбасылық және әлеуметтік мәселелер бойынша құқықтық кеңес алды.
Айта кетсек, Шымкент қаласында медиация апталығы барысында халық арасында 70-ге жуық сауалнама жүргізіліп, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғамның әл-ауқатының кепілі» челленджі жарияланды.
Қазіргі таңда 6 кәсіби, 6 қоғамдық медиатор халық арасында түсіндіру, этномедиация ұғымын ілгерілету бағытында бірлесе жұмыс атқаруда.
Қазіргі кезде қалада 4 медиация орталығы жұмыс істейді. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе қызмет атқарып келеді. Ассамблея медиаторларының тізіліміне 12 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация ұғымын ілгерілетуде жүйелі жұмыстар жүргізуде.

«5 тамыз – Медиация күні» мерекесіне орай қаладағы «Достық үйі» ғимаратында «Медиация – татулық тірегі» тақырыбында семинар өтіп, «Еуразиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Лаура Ақшегірова 2023 жылдың 6 айында этномедиация тәсілімен 12 дау шешімін тапқанын, бұл бағытта қала әкімдігі жеткілікті қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Жиын соңында мерекеге орай бірқатар кәсіби медиаторлар «Алғыс хатпен» марапатталды.

Бөлісу