ШЫМКЕНТ: Атаулы әлеуметтік көмек құжаттары алфавит тәртібімен қабылданады

0
1 500

Оқушылардың мектеп формасы мен оқу құралдары мемлекет есебінен беріледі.


ШЫМКЕНТ: Атаулы әлеуметтік көмек құжаттары алфавит тәртібімен қабылданады

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері 4 аудан бойынша АӘК-ті белсенді алушылардың алфавит тәртібіндегі кестесін жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл кесте халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімдіктерінің тиісті бөлімдеріне жолданды.

Атап айтсақ, министрлік атаулы әлеуметтік көмек берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірлеп, мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектесуді көздеп отыр. Ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар:


  • көпбалалы аналарды қолдауды;
  • жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті;
  • кепілді әлеуметтік көмекті қамтитын болады.

Сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын әлеуметтік кепілдендірілген пакетті беру ұсынылды. Яғни, мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілмек.

Ал, оқушы балалар үшін мектептерде тегін ыстық тамақ, күнделікті мектепке дейінгі жол, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдары мемлекет есебінен беріледі.