ШЫМКЕНТ: «Автонұр» аялдамасының жанында өрт шықты

0
526

Трансформатор және бутикте өрт орын алды.


ШЫМКЕНТ: «Автонұр» аялдамасының жанында өрт шықты

Шымкент қаласы Тұран ауданы Темірлан тас жолы бойында «Автонұр» аялдамасының жанында трансформатор және бутикте өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше
жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 6 маусым күні сағат 14:48-де болған.

Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері трансформатордың және бутиктің жануы орын алғанын анықтады. Өрт сөндірушілердің кәсіби түрде тез арада әрекет етуінің нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, өрт сағат 15.01-де оқшауланып, 15.06-да толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі 2 шаршы метрді құрады. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 30 адам, 5 техника жұмылдырылды.