1-сыныпқа балалар 6 жастан (осы жылы 6 жасқа толатын балалар) қабылданады.
Шымкент қаласында балаларды 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуір - 1 тамыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өтініш беруші өзінің шағын ауданындағы білім беру ұйымына немесе басқа шағын ауданда орналасқан білім беру ұйымында бос орын болған жағдайда электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.
1-сыныпқа балалар 6 жастан (осы жылы 6 жасқа толатын балалар) қабылданады. Ол үшін өтініш, туу туралы куәлік, фотосурет 3х4 - 2 дана, денсаулығы туралы анықтама (0/26, 0/63), ерекше білімді қажет ететін балалар болған жағдайда «Педагогикалық- психологиялық- медициналық кеңесі» қорытындысы қажет.
Құжаттарды қабылдау тәртібі:
1. Электронды түрде (1 жұмыс күні)
2. Құжаттарды қабылдау туралы 15 минут ішінде СМС хабарлама жолданады.
3. Құжаттарды қабылдау туралы СМС хабарлама немесе дәлелді бас тарту туралы СМС хабарлама жолданады.