ШЫМКЕНТ: Балаларды 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары жақында аяқталады

0
476

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың 87 пайызы қабылданып үлгерді.


ШЫМКЕНТ: Балаларды 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары жақында аяқталады

Шымкент қаласында биыл алғаш рет 1-сынып оқушылары мектептерге электронды жүйе бойынша қабылдануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінге дейін қалада бірінші сыныпқа баратын оқушылардың 87 пайызы қабылданып үлгерді.
Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қала әкімдігінің «Инстаграм» желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфирде осылай деді. Басқарма басшысы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Оның айтуынша, ата-аналар өз өтініштерін 100 пайыз Egov порталы арқылы жіберуде. Бұрын балаларды қабылдау жұмыстары 15 қыркүйекке дейін созылып, мектеп тарификациясын бекіту ай соңына дейін созылатын. Енді білім ұйымы жаңа оқу жылына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.
Бұл шешім еліміздің Білім және ғылым министрлігі тарапынан сапалы білім беруде нәтижеге қол жеткізуге бағытталған зор мүмкіндік деп білемін, – деді Жанат Арысбекқызы.
Тікелей эфир барысында сала басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.