​ШЫМКЕНТ: Балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі республикалық семинар-кеңес өтті

0
156

Кеңес барысында балалар денсаулығын сақтаудың қазіргі жағдайы, медициналық көмек көрсету стандарттары, және шешімін таппаған мәселелер талқыланды.


​ШЫМКЕНТ: Балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі республикалық семинар-кеңес өтті

ERNUR.KZ. Балалар денсаулығы – қоғам болашағының кепілі. Осы орайда, Шымкент қаласында балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, сондай-ақ ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өкілдері мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты.

Кеңес барысында балалар денсаулығын сақтаудың қазіргі жағдайы, медициналық көмек көрсету стандарттары, және шешімін таппаған мәселелер талқыланды. Мамандар балаларға сапалы көмек көрсету үшін білікті кадрлар, әсіресе ауылдық жерлерде педиатрлар мен балалар хирургтерін көбейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, шұғыл көмек көрсетуге арналған курстар мен ақпараттық материалдардың қолжетімді болуы маңызды екендігі атап өтілді.
ЮНИСЕФ пен ДДҰ өкілдері жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларды патронаждық бақылау жүйесі туралы баяндап, баланың дамуын ерте анықтау мақсатында скринингтерді жетілдіру қажеттігін айтты.
Қорытынды сөзінде Мағрипа Ембергенова «Балалардың денсаулығы – ұлт болашағының кепілі. Медициналық көмек сапасын арттыру арқылы балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік бар», – деді.