ШЫМКЕНТ: баскетболдан мектепте жасөспірімдер арасында турнир өтті

0
309


ШЫМКЕНТ: баскетболдан мектепте жасөспірімдер арасында турнир өтті

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында жасөспірім қыздар арасында баскетболдан турнир ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №86 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 18 мамыр күні Қазақстан Республикасының парламент мәжіліс депутаты Нұрлан Ауесбаев атындағы баскетболдан мектепте жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және баскетбол ойынын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында 2011-2012 жылы туылған қыздар арасында турнир өтті.
Турнирге ҚР парламент мәжіліс депутаттары Ауесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Нұрымова Гулдара Алданышқызы, Қасқарауов Данияр, Сатыбалдин Ерболат, Исабеков Данабек, Сайлаубай Наурыз және ҚР аналар қоғамдық қоры бірлестігінің кеңесшісі, Бақытжан Айнасқызы, 18 олимпиадалық резерв мамандандырылған спорт мектебінің директоры Карибай Серік Жәдігерұлы, мәдениет салаларының үздіктері Бегимбетов Хахмедин ,Асылбекұлы Қаныбек, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Дүрментаев Пердебек, ҚББ спорт бөлімінің басшысы Күзенбаев Нартай Қалабекұлы қатысты.
Турнирге №21 Чехов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы, №86 жалпы орта білім беретін мектеп, №89 ІТ мектеп-лицейінің баскетболдан қыздар командасы қатысты.
№86 жалпы орта білім беретін мектебінің қыздар командасы бірінші орынды иеленсе, ІІ орынды №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп –гимназиясының қыздар командасы жеңіске жетті. Ал, ІІІ орынды №89 IT мектеп –лицейінің қыздары лайық деп танылды.
Бөлісу