ШЫМКЕНТ: Білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

0
609

Ол әлеуметтік желіде жазба жариялады.


ШЫМКЕНТ: Білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Шымкент қаласының білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Жанат Тәжиева өзінің фейстуктегі парақшасында жариялады.

"Құрметті ұстаздар, ата-аналар және қала тұрғындары!

Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы қызметімді бүгін аяқтадым.
Әр саланың өз орны бар. Дегенмен, білім саласының жүгі де, жауапкершілігі де өте жоғары.
Жалпы 38 жылдық еңбек өтілімнің 18 жылын мұғалімдік, 20 жылын мемлекеттік қызметте атқардым. Осы аралықта қаншама сындар мен сынақтар болғанымен шыңдала түсіп, Өзіме жүктелген міндетті аса жауапкершілікпен атқардым.
Шымкент қаласы білім саласының дамуына, Республика көлемінде алдыңғы қатардан көрінуіне атсалысқан әріптестеріме, қала тұрғындарына алғысым шексіз!", - деп жазды.
Бөлісу