ШЫМКЕНТ: Биыл Ұлағат шағынауданы кәріз жүйесімен қамтылады

0
747

Қазіргі таңда ауданда кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 41%-ды құрайды.


ШЫМКЕНТ: Биыл Ұлағат шағынауданы кәріз жүйесімен қамтылады

Шымкент қаласы Еңбекші ауданын кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 41 пайызды құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2022 жылдың қорытындысымен ауданның кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 57%-ды құраған.
Бүгінде жаңа шекараға байланысты кәріз жүйесімен қамтылған 8 шағынаудан мен орталықтағы жеке секторлар Әл-Фараби ауданының аумағына өтті.
Осыған байланысты, қазіргі таңда ауданда кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан құрылысы 2023 жыл қорытындысымен аяқталатын болады.
Сонымен қатар, Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталған, ағымдағы жылы меншік иелері тарапынан пәтерлерді мамыр айынан бастап абоненттеу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, қазіргі таңда 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас елдімекенінде кәріз жүйесін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 62,6 шақырымды алып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. Құрылыс барысын қадағалаған қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына жергілікті әкімдікпен бірлесе абоненттеу жұмыстары бастауды тапсырды.

Ал, Асар-2 шағынауданында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Жоспарға сәйкес елдімекен алдағы жылы сапалы электр қуатымен, кәріз жүйесімен толық қамтылады. Аталған елдімекенде 24 шақырымдық газ жүйелері жүргізілген. Шағынауданды табиғи газбен толық қамту сәуір айының соңына дейін аяқталады. Қазір мұнда абоненттеу жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарын қадағалаған Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізуде тиісті талаптардың қатаң сақталуын бақылауды тапсырды. Сонымен қатар барлық жұмыстардың сапалы, уақытылы атқарылуын назарда ұстауды ескертті.