Тұрғындарға 1, 2 және 3 бөлмелі, толық әрленген пәтерлер жалға беру тәртібімен берілді.
Шымкентте баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасуда.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен салтанатты шарада пәтер кілті табысталып, 40 отбасы баспаналы болды. Жаң үйлер Бозарық шағын ауданында орналасқан.
Тұрғындарға 1, 2 және 3 бөлмелі, толық әрленген пәтерлер жалға беру тәртібімен берілді. Кейіннен сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Басымдық әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға, оның ішінде жалғызбасты аналарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға және толық емес отбасыларға берілді.
Биыл Шымкентте жалпы 7 386 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 3 370-і тұрғындарға табысталды. Қалған баспаналар жыл соңына дейін кезең-кезеңімен беріледі.


