ШЫМКЕНТ: Достық шағын ауданында кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр

0
963

Жыл соңында аяқтау жоспарланған.


ШЫМКЕНТ: Достық шағын ауданында кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Достық шағын ауданында кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданында 9 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. Бір мектеп, үш балабақша, медицина және учаскелік полиция бекеті жергілікті халық игілігіне қызмет етеді. Бүгінде шағын ауданда кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары қызу жүруде.
100% жекеменшік жүйедегі электр жарығын пайдалануда, мемлекеттік электр жарығымен қамту жұмыстарын биыл аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Аталған шағын аудан ауыз сумен толық қамтылған.
Аталған шағын ауданда табиғи газбен қамту құрылысы аяқталып, қосуға дайын тұр. (АГРС-3 нысаны іске қосылғаны күтілуде).
Қазіргі таңда кәріз жүйесі құрылысы жүруде, жыл соңында аяқтау жоспарланған.
Биыл жеке инвестор есебіне антенна-мачталық құрылғы және «Kcell» компаниясы тарапынан "Автоцон" маңына базалық станция орнатылады.
Жаңақұрылыс аумағындағы инфрақұрылым жүйесі жобасына енбеген 425 абонент ауыз сумен толық қамтылды;
- сапалы электр жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылуда, көше бойында электр бағаналары орнатылуда;
- көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге тиісті мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.
2023 жылы – 14 көше, 2024 жылы – 8 көше, 2025 жылы – 13 көше асфальтталады.