ШЫМКЕНТ: Достық тұрғындары электр желісіне қосылды

0
578

Нәтижесінде мегаполисті электр қуатымен қамту көрсеткіші 97 пайызға жетті.


ШЫМКЕНТ: Достық тұрғындары электр желісіне қосылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Достық тұрғын алабы электр қуатымен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы Достық тұрғын алабын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында биыл маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер мекеме - «Жолсерік» ЖШС.
310 электр бағанасы орнатылып, 14 шақырым электр желісі тартылды. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, нәтижесінде 234 абонент сапалы электр қуатымен қамтылмақ.
Қазіргі уақытта «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есепшот ашып, электр желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 100-ден астам үй мемлекеттік электр жүйесіне қосылды. Қалғаны рет-ретімен қосылуда.
Жалпы бұл жылы қалада 2 қосалқы стансаның және 7 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылды. Нәтижесінде мегаполисті электр қуатымен қамту көрсеткіші 97 пайызға жетті.