ШЫМКЕНТ: екінші жарты жылдықтағы дезинфекция басталды

0
192

Бұл жұмыстар жылына 2 рет – көктем және күз мезгілінде жүргізіледі.


ШЫМКЕНТ: екінші жарты жылдықтағы дезинфекция басталды

Шымкент қаласында «Ветеринариялық қызмет» мекемесі кенеге қарсы күрес шараларының екінші кезеңін бастады.

Екінші кезеңде қора-жайлар мен буферлік аумақтарда залалсыздандыру қолға алынған.

Бұл жұмыстар жылына 2 рет – көктем және күз мезгілінде жүргізіледі. Кенелер мен басқа да жәндіктердің көбеюінің алдын алуға 18 дезинфектор маман, 6 арнайы техника жұмылдырылған.
Жоспарлы іс-шаралар ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын, арнайы қорасы бар үйлерге тегін жүргізіледі.
Сонымен қатар, залалсыздандыру аясында 74 850 бас ірі қара малды бүркуге, 77 660 бас уақ малды тоғытуға, 2 325 750 ш.м. қора-жай мен жапсарлас аумақтарға, 2 311 161 ш.м. саябақтар мен гүлзарларға арнайы химиялық препарат қолданылады.
Айта кетейік, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – қауіпті жұқпалы ауру. Ол адамға кене шаққанда, қанға тойған кенелердің қаны адамның шырышты қабығына немесе терісіне тигенде (малдағы кенені тазалаған, қолмен алып тастаған немесе малдың жүнін қырқу кезінде) жұғуы мүмкін.
Осыған «Ветеринариялық қызмет» мекемесі орай қала тұрғындарынан сақтық шараларын ұстануды және аула мен қора-қопсыны таза ұстап, қи-қоқыстан тазалауды сұрайды.
Бөлісу