ШЫМКЕНТ: емханада тұзды шахта мен өтпелі галерея пайдалануға берілді

0
72

алерея науқастардың қауіпсіз және қолайлы қозғалысын қамтамасыз етеді.


ШЫМКЕНТ: емханада тұзды шахта мен өтпелі галерея пайдалануға берілді

Шымкент қалалық №7 емханада жаңа емдік және инфрақұрылымдық нысандар іске қосылды.

Оңалту бөлімшесінде ашылған тұзды шахта (галотерапия) бөлмесі – мегаполистегі емханалар арасында алғаш рет енгізіліп отырған емдік қызмет түрі.

Тұзды үңгірдегі ерекше микроклимат тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, бронхит, астма, аллергия сияқты дерттері бар пациенттерді оңалтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, иммунитетті нығайтуға ықпал етеді.
Бұған қоса емхана аумағында екі корпусты байланыстыратын өтпелі галерея пайдалануға берілді. Галерея науқастардың қауіпсіз және қолайлы қозғалысын қамтамасыз етеді. Әсіресе, ауыр халдегі немесе операциядан кейінгі пациенттер үшін кез келген ауа райында бір бөлімнен екінші бөлімге кедергісіз жетуге мүмкіндік береді.
Жаңа галереяда мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қарттар мен балаларға да қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, медициналық қызметкерлердің бөлімдер арасында жедел қозғалуына жағдай жасап, шұғыл көмекті уақтылы көрсетуге ықпал етеді.
Бөлісу