Салалық бөліністе – білім саласы көш бастап тұр.
көрнекілік үшін фото: ЖИ
Шымкент қаласында жұмыс іздеуші азаматтар үшін Enbek.kz порталында 4 201 бос жұмыс орны қолжетімді. Бүгінде порталда 2 207 хабарлама жарияланып, ондағы мәліметтер тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Қала тұрғындары порталдың мобильді қосымшасын жүктеу арқылы үйден шықпай-ақ телефон көмегімен бос жұмыс орындарымен таныса алады. Бұл - уақыт үнемдеп, жұмыс іздеу процесін жеңілдетудің тиімді жолы.
Салалық бөліністе – білім саласы көш бастап тұр. Екінші кезекте біліктілігі жоқ мамандар, медицина және фармацевтика, өндіріс, қаржы және бухгалтерлік есеп, ІT және телекоммуникациялар, мәдениет және спорт, көлік және логистика, құрылыс және сәулет, құқықтану, HR және хатшылық, қызмет көрсету және өзге салаларды қамтыған.
Хабарламалардың ішіне үміткерге қойылатын талаптар мен жұмыс берушілердің мекенжайы және байланыс нөмірлері көрсетілген.
Жалақы деңгейіне келсек, 100 мың теңгеден жоғары 415 жұмыс орны, 100-200 мың теңге аралығында 2 897 орын, 200-300 мың теңге аралығында 542 орын, 300-500 мың теңге аралығында 263 орын және 500 мың теңгеден жоғары 84 жұмыс орны бар.


