ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында биыл 5 гүлзар салу жоспарлануда

0
445


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында биыл 5 гүлзар салу жоспарлануда

Шымкент қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың I жартыжылдығындағы Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Спикер Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы ауданның жай-күйі турады кеңінен баяндап берді.

Әкімнің айтуынша, ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды.

Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 73%, жекеменшік жүйедегі 17,7%-ды құрайды. Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілген.
Ал кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды.
Аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, Қазіргі таңда құрылыстың сапасыз атқарылуына байланысты тапсырыс беруші экономикалық тергеу департаментіне тексеру жүргізуге жүгінген.
Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Базарқақпа т.а. Достық көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге (270 абонент) кәріз жүйесін жүргізу «Шабыт-21» ЖШС-і тарапынан ЖСҚ әзірленуде.
Сонымен қатар, аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.
2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 18 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда 20-нысанда балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қалған абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда. Қазіргі таңда аудан аумағында 56 дана ашық спорт алаңшалары орналасқан.

2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. 2-нысанда жұмыстар басталды. 6 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде. Ал Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар салу жоспарлануда. Мердігер мекемелермен келісім шарттар түзіліп, жұмыстар қарқынды жүргізуде екенін айтты Досбол Күздікбайұлы.

Бөлісу