ERNUR.KZ. Түркістан облысында көпқабатты үйдің электр қалқанындағы өрт сөндірілді, деп жазады baq.kz.
«112» пультіне Түркістан қаласының №1 шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан электр қалқанында қысқа тұйықталу болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соның салдарынан өрт шыққан.
Өрт аумағы 1 шаршы метрді құрады.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Үйден 4 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды және тұрғын үйлердегі электр сымдары мен электр жабдықтарының жарамдылығын уақтылы тексеріп отыруды ескертеді.


