ШЫМКЕНТ: ескерткіштерді күтіп-ұстауға бағытталған жұмыстар жалғасуда

0
68

Бүгінде жалпы көлемі 630 м² гранит жабыны жаңартылған.


ШЫМКЕНТ: ескерткіштерді күтіп-ұстауға бағытталған жұмыстар жалғасуда

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде қазіргі таңда тарихи-мәдени маңызды 50 ескерткіш нысаны бар. Қала аумағындағы нысандарды күтіп-ұстау және олардың сәулеттік келбетін сақтау мақсатындағы жұмыс тұрақты жүргізіледі.

Ескерткіштерге қызмет көрсету жұмыстарын «Стройкомплект-КБ» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырады. Мекеме қызметкерлері ескерткіштердің сыртқы келбетін сақтау және санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында оларды жуып-тазалайды, бояйды, сондай-ақ, зақымданған гранит тастарын ауыстырады. Бүгінде жалпы көлемі 630 м² гранит жабыны жаңартылған.
Бұл жұмыстарға 15-ке жуық жұмысшы жұмылдырылып, әр ескерткіш аптасына бір рет арнайы тазалау жұмыстарынан өткізіледі. Сонымен қатар, нысандардың техникалық және эстетикалық жағдайы тұрақты бақылауда ұсталып, қажет жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Бөлісу