ШЫМКЕНТ: Ескі қалашықтағы "Цитадель" қала мақтанышына айналады

0
5 737

Шымкентте ескі қалашық бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталатын болады.


ШЫМКЕНТ: Ескі қалашықтағы

Шымкент қаласындағы ескі қалашық маңында орналасқан "Цитадель" қалашығында амфитеатр мен музей орналасатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының ежелгі «Цитадель» қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандардың біріне айналады. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болуына байланысты бүгінде аталған нысанда археологиялық қазба жұмыстары қарқынды жүруде.

«Цитадель» – Шымкент қаласының бірегей мәдени-тарихи аймағы, қала орталығында, бұрындары ежелгі қалашықтың бекінісі болған жерде орналасқан.

"Ескі қалашықтағы Цитадельде 3 жыл бойы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бекініс қабырғаларын қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңі келесі жылы аяқталады. Онда мұражай мен ашық аспан астындағы амфитеатр орналасатын болады. Цитадель біздің қала үшін маңызы зор, Рим қаласындағы Колизей сияқты", - деді Ғабидолла Әбдірахымов