ШЫМКЕНТ: Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді

0
636

Отырыста комиссияның жаңа құрамы таныстырылды.


ШЫМКЕНТ: Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді

Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалық етуімен өткен отырыста комиссияның жаңа құрамы таныстырылып, 2024 жылға арналған жұмыс жоспары мен мүшелерін 6 секторға бөлу мәселелері қарастырылды.

Айта кетейік, комиссия төрағасы болып Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, төрағаның орынбасары Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Дариякүл Қожамжарова, комиссия хатшысы болып Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Тоғжан Манкешова тағайындалды. Жиында комиссияның 26 мүшесі толығымен таныстырылды. Сондай-ақ, төраға комиссия құрамына қаладағы барлық басқармалар мен қажетті салалардың өкілдері барынша қамтылғанын тілге тиек етті.
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева комиссия құрамын өзгерту туралы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты комиссия құрамы жасақталып, өздеріңізбен кездесу ұйымдастырып отырмыз. Байқасаңыздар, комиссия құрамына қоғамның барлық топтарын қамтуға тырыстық. Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, қоғам белсендісі Дариякүл Қожамжарова комиссия төрағасының орынбасары, «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова гендер саясаты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Алдағы уақытта баршаңызды бірлесіп белсенді жұмыс істеуге шақырамын, - деді Сәрсен Абайұлы.