ШЫМКЕНТ: Ибрагим Ата мен Қарашаш Ана кесенелерінде абаттандыру жұмыстары аяқталуда

0
166


ШЫМКЕНТ: Ибрагим Ата мен Қарашаш Ана кесенелерінде абаттандыру жұмыстары аяқталуда

Шымкентте қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасымен Республикалық маңызға ие тарихи-мәдени және сакралды 2 нысанның, Қожа Ахмет Яссауидың ата-анасы «Ибрагим ата» мен «Қарашаш ана» кесенелерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ретке келітірілуде.

«Ибрагим ата» кесенесінің аумағында санитариялық-гигиеналық торап салынып, ескі орындықтар жаңартылды және жаңа навигациялық туристік тақтайша орнатылды.
«Қарашаш ана» кесенесі аумағында санитариялық-гигиеналық тораптың құрылысы басталып, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Қосымша жаңа навигациялық туристік тақтайша, жаңа орындықтар және жарық шамдары орнатылды.
Жаңадан орнатылған ақпараттық тақтайшалар халықаралық туристік навигациялар үлгісінде әзірленген, яғни, 3 тілде нысан жайлы аудиогид орналастырылған және мүгедек жандарға арналған тактильді алфавитті нысан анықтамасы бар.
Аталған жұмыстар демеушілер есебінен мемлекет қаражатына салмақ салмай жүргізілді.
Бөлісу