Осыған дейін жұмыс көлемінің 46%-ы орындалған.
Бүгінде Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ елдімекенін газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге 2 кезеңде атқарылып жатқан құрылыс қарқынын қадағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Екінші кезеңдегі 206,7 шақырым газ құбыры 7 217 отбасын, 9 мектеп, 3 клиника, 5 балабақшаны қамтиды.
Аяқталу мерзімі — келесі жылдың ІII тоқсаны.
Осыған дейін жұмыс көлемінің 46%-ы орындалған.
Қала басшысы жауаптыларға халықтың қауіпсіздігі үшін құрылыс талаптарын сақтауды ескертті. Сондай-ақ жұмыстарды сапалы аяқтап, мерзімінде атқаруды тапсырды.