ШЫМКЕНТ: қайтарымсыз грант көп балалы ананың мүмкіндігін арттырды

0
93

Мемлекеттік қолдауға дейін бір айда 30 балаға массаж жасалса, заманауи құрылғылардың көмегімен бұл көрсеткіш 50 балаға жеткен


ШЫМКЕНТ: қайтарымсыз грант көп балалы ананың мүмкіндігін арттырды

Шымкенттік көп балалы ана Гүлжан Жандарәлі 2025 жылы бизнес-жобасын қорғап, 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант алды.

Мамандығы фельдшер ананың медицина саласында 10 жылдық тәжірибесі бар. Соның ішінде балалар массажы бағытында 5 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Мемлекеттен алған қайтарымсыз грантқа екі гидро-ванна құрылғысын сатып алған.
Бүгінде балалар мен ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерді оңалтуда гидро-ваннаның өзіндік орны бар. Гүлжан Нұрбекқызы осы құрылғылардың көмегімен қызмет көрсету ауқымын кеңейтіп, массаж алған балалардың ем нәтижесі де оң көрсеткіш беріп келеді.
Мемлекеттік қолдауға дейін бір айда 30 балаға массаж жасалса, заманауи құрылғылардың көмегімен бұл көрсеткіш 50 балаға жеткен. Сонымен қатар, бір адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Айта кетейік, Шымкентте 2025 жылы комиссия шешімімен әлеуметтік санаттағы 431 адамға қайтарымсыз грант берілді. Биыл осы бағытта әлеуметтік санаттағы 400 адамның бизнес-жобасына қолдау көрсету жоспарланып отыр.
Бөлісу