ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірқатар нысандарды аралады

0
349

Сондай-ақ қалалық зообақтың, Шаяхметов және Ерімбетов көшелерінің санитарлық жағдайын да тексерді.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірқатар нысандарды аралады

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар құрылыс нысандарын жаяу аралады.

Абай ауданындағы “Union” тұрғын үй кешенінің, сондай-ақ Тельман шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысна барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мамандарға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, Тұран ауданында Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімі ғимаратында болды.
Бөлімшенің материалдық-техникалық жабдықталуы, жауынгерлік даярлығы және әскери қызметкерлердің қару-жарақтарымен танысты.
Әл-Фараби ауданындағы «Көлді» абаттандыру жұмысымен де жаяу аралап жүріп танысып, құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсыру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ қалалық зообақтың, Шаяхметов және Ерімбетов көшелерінің санитарлық жағдайын да тексерді. Салалық басқарма басшыларына абаттандыру және көшелерді жарықтандыру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ қоқыс шығару жұмысын ерекше бақылауға алу керек екендігін ескертті.