ШЫМКЕНТ: Қала әкімі шалғайда тұратын оқушыларды мектепке тасымалдауды қатаң тапсырды

0
1 172

Шымкентте «BILIM jane GYLYM» тақырыбында өткен тамыз конференциясы оқущыларды тасымалдау мен жолға қатысты мәселелер айтылды.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі шалғайда тұратын оқушыларды мектепке тасымалдауды қатаң тапсырды

Мегаполис басшысы шалғайда жатқан елдімекендердегі мектеп оқушыларын тасымалдау мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «BILIM jane GYLYM» тақырыбында өткен тамыз конференциясында мәлімдеді.

"Оқушыларды тасымалдау мәселесі. Кеше шалғайда жатқан елдімекендерді аралау барысында байқадым, бұл - үлкен проблема. Осыған байланысты қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртайға шалғайдағы елдімекендердегі оқушыларды мектепке тасымалдау мәселесін нақты шешу бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын", - деді үшінші мегаполис басшысы.

Сонымен қатар әкімі, 2019 жыл басынан бері полиция департаментіне жол апатына қатысты 30 балаға жуық жәбірленгендігі туралы арыз түскендігін айтып, оның 3-уі қаза тапқандығын жеткізді. Осы жағдайға байланысты қала басшысы Ерлан Қуанышұлы қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртайға және де жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына Қуатжан Жұматаевқа полиция департаментімен бірлесе отырып, білім ұйымдарының жанындағы бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер жолағын, сондай-ақ жатын полиция бекетін орнатуды тапсырды.


Сондай-ақ, жиын барысында қала әкімі Ерлан Қуанышұлы білім саласында үздік жетістіктерге жетіп, біліктілігімен ерекшеленген бірқатар ұстаздар министрліктің және қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып, ноутбук берілді.