ШЫМКЕНТ: Қала әкімі жастардың ұсыныстарын тыңдады

0
1 654


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі жастардың ұсыныстарын тыңдады

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ерлан Айтаханов "Жастар ресурстық орталығында" Шымкент жастарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өткен кездесуде жастардың мәселесін тыңдауға келген қала басшысына жастар тарапынан пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Жастар тарапынан жол, баспана, жатақхана, қоғамдық көлік, қала тазалығы, туризм саласына қатысты сұрақтар қойылды.
"Біз белсенді жастар, осы жастарды әр саланың жанашырылары мен белсенділердің басын қосып диалогтық алаңын ұйымдастырып, өзіңіздің қадағалуыңызбен өткізілсе дейміз, сондай-ақ Шымкентте "Жастар қалашығын" құруды ұсынамын",-дейді жас белсенді Сабира Байзақова.
Аталған ұсынысты мұқият тыңдаған үшінші мегаполис басшысы шешу жолдарын қарастыратындығын жеткізді.
Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы өзінің жастық шағындағы қызықты оқиғалармен бөлісіп, жастардың намысшыл болуын, сөзде тұру керектігін жеткізді.