​ШЫМКЕНТ: ҚАЛА БАСШЫСЫ ӘДЕБИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
161

Кездесуде патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған іс-шаралар мен фестивальдер өткізу, Шәмші Қалдаяқовты және басқа да белгілі жазушыларды еске алу шараларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.


​ШЫМКЕНТ: ҚАЛА БАСШЫСЫ ӘДЕБИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қала басшысы қазақ әдебиетінің корифейлері – Дулат Исабеков, Мереке Құлкенов, Төлен Әбдік, Қасымхан Бегманов, Момбек Әбдәкімұлы және Қазыбек Исамен кездесті.

Кездесу барысында отандық әдебиеттің дамуы және қаламгерлердің ұлттық бірлікті нығайту мен құндылықтар қалыптастырудағы рөлі туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған іс-шаралар мен фестивальдер өткізу, Шәмші Қалдаяқовты және басқа да белгілі жазушыларды еске алу шараларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Әкім өз кезегінде, шығармашылық интеллигенцияның жастарды рухани тәрбиелеуде және поэзия мен әдебиет арқылы қоғамға жоғары адами құндылықтар сіңіруде маңызы зор екенін атап өтті.
Кездесу соңында мәдениет майталмандарына идеялары үшін алғыс айтып, алдағы уақытта мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұруды ұсынды. Сондай-ақ шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге және жалпы мәдениетті дамытуға ерекше назар аударуға дайын екенін жеткізді.
Бөлісу